Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Алаштың Ахмет» оқырмандар конференциясына мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқушылары мен оқытушылары белсенді қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды көрнекті қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған өз Отанының нағыз патриотының өмірі туралы әңгімелеу. Әріптестер жастарға Ахмет Байтұрсыновтың жетістіктері, оның мемлекеттік қызметтегі маңызды рөлі туралы айтып берді. Қатысушыларға көрнекті ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі ұсынылды. 10 сынып оқушысы Кожин Шыңғыс ақынның достық туралы «досына хат»өлеңін оқыды.