Бүгін СҚО «Өрлеу» филиалы мен «Ахмет Байтұрсынов атындағы №9 орта мектебі» ынтымақтастығы аясында «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы аясында көшпелі практикалық сабақ өтті.
Іс-шараның мақсаты-инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Көшпелі практикалық сабақта қаралған кейстер:
1. Жалпы білім беретін мектепте оқу процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды сүйемелдеу. Инклюзияны қолдау кабинеті бойынша экскурсия – Гүльжан Абильмажинова (ИҚК әдіскері);
2. «Күзге саяхат» кіші топтық түзету-дамыту сабағы — Регина Усманова (логопед-мұғалім);
3. Инклюзивті ортадағы «Жақшасы бар және онсыз өрнектер» тақырыбындағы сабақ — Альбина Абдулхаимова (педагог-модератор, бастауыш сынып мұғалімі), Елена Кобельская (педагог-ассистент);
4. «Жақшасы бар және онсыз өрнектер» тақырыбындағы сабақ — Екатерина Стаценко (мұғалім-модератор, бастауыш сынып мұғалімі), Жамиля Плысюк (педагог-ассистент);
5. «Күзгі марафон» түзету-дамыту сабағы — Мироняк Альбина (педагог-сарапшы, педагог-психолог);
6. «Күзгі орманға математикалық саяхат» тақырыбы бойынша жеке сабақ — Светлана Портная, (педагог-модератор, арнайы педагог\мұғалім-дефектолог).