school9-sko

Жол қозғалысы ережелері бойынша сурет байқауы

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-де қауіпсіздік техникасы бойынша өткізілетін сабақтар аясында 1-сыныптар арасында «Мен — жаяу жүргіншімін» атты сурет байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу.

Байқаудың міндеттері:

— Жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау;

— Оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) арасында Жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту және тарату;

— Балаларда жолда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

— Ата-аналарды білім беру және тәрбиелеу процесіне тарту.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх