Әнұран — мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуының қасиетті бесігі ретінде жырланады. Әнұранды орындау — ең алдымен, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке басымызды дамыту мен қалыптастырудың басым бағыттарының бірі. 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған «Әнұран айту» челленджіне «А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектебінің» КММ оқушылары белсене қатысты.