2024 жылғы 30 қазанда инклюзияны қолдау кабинетінің қызметкерлері «Заманауи педагогикалық және компьютерлік технологияларды қолдану негізінде арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту сапасын арттыру» тақырыбында педагогикалық кеңесте баяндама жасады.
Мақсаты: заманауи педагогикалық және компьютерлік технологияларды енгізу арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту сапасын арттыру.
Міндеттері:
-ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қазіргі білім деңгейін талдау;
-заманауи педагогикалық технологияларды анықтау және енгізу;
-оқытуды дараландыру үшін компьютерлік технологияны қолдану;
-мұғалімдерді жаңа технологиялармен жұмыс істеуге оқыту.
-ата-аналар мен мамандармен өзара әрекеттестікті нығайту.
-жаңа әдістер мен технологиялардың тиімділігін бағалау.