Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау (ООЖБ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігін тексеру мақсатында, оқу сапасын жүйелі түрде бақылау болып табылады. 8-сынып оқушыларына арналған пәндердің спецификацияларына сәйкес, бірінші оқу тоқсанынан кейін осы іс-шараға дайындықты сынақ тестілеулері түрінде ұйымдастыру, оқыту үдерісіндегі олқылықтарды жою және ең күрделі тақырыптарды игеру үшін аралық нәтижелер мониторингінің процедураларымен және талаптарымен танысу мақсатында жүргізілді. Мұғалімдердің жүйелі және жоспарлы жұмысы тестілеу кезінде жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі, тапсырмаларды орындауда сенімділікті арттырады. Сынақ тестілеуі 8-сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы кешенді тестілеу түрінде оқу тілінің үш функционалдық сауаттылық бағыты бойынша жүргізілді: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылымдары сауаттылығы. Сынақ тестілеуін талдау нәтижелері бойынша мұғалімдер каникул және жазғы мектеп кезеңінде жұмыс істей алатын «ақсаған» тақырыптарды анықтау мүмкіндігіне ие болады.