Ұлттық валюта күні – кез келген елдің тарихындағы маңызды оқиға. Қазақстанда бұл күн 15 қарашада тойланады және мемлекеттің экономикалық және қаржылық тәуелсіздігін бейнелейтіндіктен барлық азаматтар үшін ерекше маңызға ие. Мектебімізде осы атаулы күнге орай «Дискуссия» дебат клубының жетекшісі Рымкулова Алтын Кайратовнаның ұйымдастырумен пікірсайыс ұйымдастырылды. 15 қарашада «А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ “Ұлттық валюта – теңге күніне” арналған тартысты пікірсайыс өтті. Шара барысында спикерлер экономика саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсете білді, сондай-ақ еліміздің қаржылық тәуелсіздігі мен валютаның жаһандық экономикадағы рөліне қатысты маңызды мәселелер бойынша өз пікірлерін айта алды. Пікірсайыс оқушыларға экономикалық процестер мен валютаның күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсінуге көмектесу үшін ұйымдастырылды. Шараға 7-сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты, атап айтқанда Подолей Анжелина, Щудлюк Виктория, Кох Тимур, Катусенко Данил.