Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау мақсатында. Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында, 22 қаңтарда 9-сынып оқушылары үшін «Мұнаймаш» АҚ кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды.
«Мұнаймаш» АҚ кәсіпорны мұнай-газ жабдықтарын жобалаумен, дайындаумен және жөндеумен айналысады. Экскурсия барысында оқушылар жұмыстың негізгі бағыттарымен, өндірістік процестермен және заманауи жабдықтармен танысты.


