«Нысаналы мектептерді дамыту» жобасы аясында білім беру сапасын жақсарту үшін әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «А.Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектееп» КММ мен «№ 42 орта мектеп» КММ арасында ынтымақтастық ұйымдастырылды. Бірлескен қызмет жоспарын құру үшін екі мектептің ZOOM — конференциясы ұйымдастырылды. Мектеп әкімшілігі оқытудағы және білім берудегі тәжірибені таратудың әдістері мен ресурстарын және жасалған жоспарға сәйкес одан әрі өзара әрекеттесуді талқылады.

