Әдебиет әлеміндегі мерейтойлар тек танымал ақындар мен жазушылар ғана емес, кітаптар да бола алады. 2025 жылы бүкіл әлемдегі ұлы жазушылардың көптеген кітаптары өздерінің дөңгелек күндерін атап өтеді. Кітаптың ұзақ өмір сүруі оның оқырмандарына байланысты. Әр кітаптың өзіндік сипаты, тағдыры, оқырманға деген жолы бар. Мерейтойлық күндер – сүйікті авторлардың шығармаларын тағы бір рет еске түсіруге және қайта оқуға тамаша себеп. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ кітапханасының оқу залында мерейтойлық кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда Абай «Қара сөздері», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», Ғ Мүсірепов «Қазақ солдаты», А.С. Пушкин «Борис Годунов», М.Ю. Лермонтов «Герой нашего времени», Н.В. Гоголь «Тарас Бульба» сияқты белгілі және барша оқырмандарға танымал кітаптар орын алған. Осы және басқа кітаптар оқырмандарға әдебиеттің таңғажайып әлемін ашады!



