school9-sko

PISA ХЗ — 2025-ке дайындық және қатысу

2025 жылғы 12 ақпанда педагогикалық ұжымның кездесуі өтті. Негізгі мәселе PISA халықаралық зерттеуіне дайындық және қатысу болды. Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары М.И. Басыбаева презентация арқылы осы зерттеу туралы барлық ақпаратты егжей-тегжейлі айтып берді. Аталған зерттеуге дайындық қалай жүріп жатқандығы туралы айтты. 2025 жылы зерттеудің басты бағыты жаратылыстану-ғылыми сауаттылық болды. Сондай-ақ, онда «Цифрлық әлемде оқыту» инновациялық бағыты бағаланды. Ол оқушылардың цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өз бетінше оқуға дайындығын өлшеді. Оқу жылында педагогтар вебинарлар мен мұғалімдерге арналған оқу семинарларына қатысады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар банкі құрылды. БСӘЖАТО әзірлеген тестілерді, сондай-ақ TESTTER.KZ тренажерын пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелі түрде бағалау жүргізіледі. Жұмыс тұрақты режимде жүріп жатыр. Жақсы нәтижеге үміттенеміз.

Қаңтар-ақпан айларында біз БСӘЖАТО сілтемелері арқылы сынақ тестілеулерін өткіздік, 07 ақпанда ОАМ желісі бойынша НЗМ өткізді, 10 ақпанда ХЗ қатысушыларынан 125 оқушыдан өтті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх