Мейірімділік пен ризашылықты білдіретін мереке — 1 наурыз “Алғыс айту” күніне орай біздің мектепте келесі іс-шаралар өтті.
9-11 сыныптарда «Алғыс айту күні» рилс байқауы өтті. Жоғары сынып оқушылары қысқа бейнероликтер дайындады, онда игі істердің мысалдары көрсетілді, күнделікті өмірде ризашылықтың маңыздылығы туралы айтып, жақсы істерге шабыттандыратын оқиғалармен бөлісті.
5-8 сынып оқушылары «Мейірімділік шекараны білмейді» фотожобасына қатысты. Олар игі істер мен өзара көмек сәттерін бейнелейтін фотосуреттерді ұсынды. Балалардың жұмыстары шынайы және әсерлі болып шықты, бұл жақсылықтың шекарасы жоқ екенін және әртүрлі жастағы және ұлттағы адамдарды біріктіретінін еске салады.
Сонымен қатар, барлық сыныптарда Алғыс айту күніне арналған сынып сағаттары өтті. Оқушылар «рахмет» айту, жақсылықпен бөлісу және айналасындағыларды бағалау неліктен маңызды екенін талқылады. Әңгіме барысында балалар өмірден мысалдар келтіріп, алғыс туралы әңгімелер айтты.











