2025 жылғы 16 сәуірде Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Жас шеберлер – 2025» чемпионатына «А. Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ 9 «Г» сынып оқушысы Бугров Артём Сергеевич қатысты. Байқауды «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК ұйымдастырды. Чемпионаттың негізгі мақсаты оқушылардың кәсіби бағдарлануы мен заманауи және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін игеруі үшін жаңа мүмкіндіктер жасау болды.
