Отбасы күні мерекесін атап өту аясында ағымдағы оқу жылының мамыр айында сенбі күндері мектебіміздің базасында оқушылар мен олардың ата-аналарының қатысуымен достық волейбол кездесулері өткізілді. Бұл іс-шаралар мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, білім беру ортасындағы жағымды микроклиматты қалыптастыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.




