location

Петропавл қ., Жеңіс, 5

smartphone-call

87152475189

mail

school9sko@edu.kz

WhatsApp Image 2023-02-10 at 14.09.17 (1)

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектебі

Хабарландыру

Құрметті ата-аналар!

Сіздің назарыңызға 1 сәуірден 31 шілдеге дейін 1 сыныпқа оқуға түсуге өтініштер қабылдау басталатынын жеткіземіз.

1-сыныпқа 6 жасқа жеткен немесе күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық

бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

Қабылдау уақыты 9:00-ден 18:00-ге дейін
Сенбі: демалыс
жексенбі: демалыс
Қолданбаны алдын ала жүктеп алыңыз ed24.kz

Өтініш үшін қажетті құжаттардың тізбесі

* ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың) өтініші;

* баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

* баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/у нысаны);

* баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны);

* 3 см-ден 4 см көлеміндегі екі фотосурет.

* педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса).