24 қарашада біздің 9-сынып оқушыларымызға түлектерді мамандықтармен таныстыру, оқу және қабылдау шарттары туралы әңгімелеу үшін Солтүстік Қазақстан Жоғары медициналық колледжі есігін айқара ашты. Болашақ талапкерлер үшін әр мамандық бойынша бейнероликтер көрсетілді. Оқытушылар мен жоғары курс студенттерінің бақылауындағы әрбір адам алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысты, қан тобын анықтады, қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыруға қатысты.