Оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында 24-25 қыркүйекте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.В.Солопова, мектептің әлеуметтік педагогы А.Б.Мусина 5-7 сынып және 10-11 сынып оқушыларымен «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында әңгімелесу өткізді, Оқушыларға «Деанон және доксинг» сияқты түсініктер таныстырылды – бұл Интернетте тұлғаның анонимдігін ашу немесе виртуалды аккаунтты нақты адаммен салыстыруды білдіреді.
Деанон және доксинг – бұл іс жүзінде бірдей ұғымдар, тек доксинг (ағылш. docs — құжаттар) жағдайында қаскүнем жәбірленушіні жеке деректерін жариялау арқылы бопсалайды. Оқушыларға телефонына біртүрлі қорқытатын хабарлама келсе, не істеу керектігі туралы ұсыныстар берілді: ата-анасынан, мектеп мұғалімі-психологынан, әлеуметтік педагогтан немесе сынып жетекшісінен көмек сұраңыз. Бұл фактіні еш жағдайда жасыруға болмайды!