«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектеп» КММ-де «Жас Ұлан» қатарына таңдаулы оқушыларды салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Бірлестік қатарына 6-сыныптардың ең үздік балалары қосылды: мектептің, қаланың және облыстың намысын бірнеше рет қорғаған белсенділер, жалпы мектепішілік іс-шаралардың белсенді қатысушылары.
Балаларды құттықтаймыз! Оқуда, спортта, шығармашылықта табыс, еліміздің лайықты азаматы болуларыңызға тілектеспіз!».
![](https://s1.hostingkartinok.com/uploads/images/2025/01/e88c4b9e111a12ab08e3aa86a5fc76d4.jpeg)