«Ягодки» және «Капельки» мектепке дейінгі топтарының балаларымен «Тастар» және «Металдар» тақырыптарында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Тәжірибелерді жүргізу барысында балалар көмірді қарап, түсін анықтады, көмірдің тас сияқты берік еместігін, оның иісі жоқтығын, үгітілетінін, сынып кететінін және қолдарын былғайтынын анықтады. Тас ауыр, суға батып кетеді. Бор ұсақ түйіршіктерден тұрады және суда ерімейді. Қабыршақтар тегіс және өрескел болуы мүмкін, спираль түрінде бұралуы, кішкентай және үлкен болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы барысында балалардың бақылағыштығы, ойлау қабілеті, талдау жасау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеті дамиды және балалардың сөздік қоры байытылады.
Фото «Капельки»
Фото «Ягодки»
«Пчёлки» ересек тобының балаларына «Біздің көмекшілеріміз – көздер» және «Адамның құлақтары» атты эксперименттік сабақтар өткізілді. Танымдық-зерттеу іс-әрекеті барысында балалар көру мен есту адамның өмірінде қандай рөл атқаратынын білді. Сезім мүшелерінің ерекшеліктері, сондай-ақ заттар мен құбылыстарды көру және есту қабылдауы туралы танысты. Балалардың сезім мүшелерін құрметтеу ережелері туралы білімдерін бекіттік. Сонымен қатар, балаларда өз денесін танып-білуге деген қызығушылық пен ықылас туғызды.
Фото «Пчёлки»
«Звездочки» және «Гүлдер» кіші топтарының балаларымен «Су…!» атты сумен тәжірибелер жүргізілді. Баланың қуана танысатын алғашқы заты – су. Су ойындары – оқытудың ең қызықты әдістерінің бірі. Олар балаларда қуанышты көңіл-күй туғызып, өмірлік күш-жігерін арттырады, балаларға көптеген жағымды және пайдалы әсерлер мен білімдер береді. Ойын барысында, танымдық-зерттеу іс-әрекеті арқылы балалар судың қасиеттерін білді: мөлдір, иіссіз, ағады, суық, жылы болады. Онда кейбір заттар ериді, түсін өзгертеді.
Фото «Звёздочки»
Фото «Гүлдер»
«Солнышки» тобында «Қоян неге тонын өзгертеді?» атты бақылау өтті, онда балалар табиғаттағы маусымдық өзгерістердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтауды үйреніп, тірі тіршіліктің қоршаған орта жағдайларына қалай бейімделетінін талдады. Жарықпен тәжірибелер жүргізу – тек қызықты оқу әдісі ғана емес, сонымен қатар балалардың жан-жақты дамуы үшін мүмкіндік. Олар балаларда зерттеушілік рухты тәрбиелеуге, ашылу қуанышын сезінуге, талдау мен бақылау дағдыларын үйретуге көмектеседі.
Фото «Солнышки»