Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1-4 сынып оқушыларына арналған «Көк ту – адалдықтың, беріктіктің және мінсіздіктің символы» атты сынып сағаттары; 5-11 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» атты сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері:
— оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;
— өз елінің тарихына қызығушылықты дамыту;
— Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша білімді бекіту;
— коммуникативтік дағдыларды дамыту;
— ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау.