10 сынып оқушылары Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты. Іс-шара шеңберінде оқушылар оқу-зертханалық корпустың жұмысымен танысып, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары, мамандықтардың сипаттамалары, академиялық ұтқырлық шарттары және қос диплом бағдарламасы туралы ақпарат алды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды, соңында ақпараттық буклеттер табыс етілді.


