2025 жылдың 26 ақпанында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «А.Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ-де 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиналыс барысында Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің өкілдері мамандықтар мен түсу ережелері туралы ақпарат берді:
— «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС колледжі
— Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі
— Петропавл қ. И. Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі
— Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі
— Гуманитарлық-техникалық колледжі
— Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі
Ата-аналарға колледж өкілдеріне түсу мәселелері бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді, соңында ақпараттық буклеттер табыс етілді.


