school9-sko

Жеңіс күніне орай «Ер есімі — ел есінде » атты акциясы өтті

Ұлы мереке — Жеңіс күні қарсаңында 1-сынып оқушыларына арналған дәстүрлі «Ер есімі — ел есінде» акциясы өткізілді. Іс-шара Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігі мен батырлығын ұрпақ жадында сақтау мақсатындағы тәрбиелік жұмыстардың маңызды бөлігіне айналды.

4-сынып оқушылары кішкентай бүлдіршіндерге Ұлы Отан соғысы оқиғалары, жауынгерлердің ерлігі, тылдағы халықтың төзімділігі мен соғыс жылдарындағы балалардың тағдыры туралы қысқаша әңгімелер дайындап, оқып берді.

Жас тыңдармандар батырлық, достық, Отанға деген сүйіспеншілік және Ұлы Жеңістің қадірі туралы әсерлі оқиғаларды зор ықыласпен тыңдап, үлкен қызығушылық танытты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх