Сабақ барысында балалар күздің белгілері және табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы әңгімелесті. Кейін балалар үлкен қызығушылықпен шығармашылық жұмысқа кірісті.
Жұмыстың ерекшелігі – нағыз күзгі жапырақтарды пайдалану болды. Балалар жапырақтарды ағаштың суретіне ұқыпты жабыстырып, әдемі жұмыстар жасады.
Мұндай жұмыс балалардың ұсақ қол қимылдарын, қиялын дамытып, табиғатты сүюге тәрбиелейді.
Сабақ көңілді өтті. Балалардың жасаған әдемі жұмыстары күздің ерекше көркін көрсетті!