Педагог-психолог Т.В. Попова оқушыларға әр адамның өзіне тән күшті жақтары болатынын айтып өтті. Яғни, бұл — біз өзімізде бағалайтын, қабылдайтын және жақсы көретін қасиеттеріміз, олар бізге ішкі еркіндік пен өз күшімізге деген сенімділік береді. Осы күш – тірек нүктесі — мазасыздық пен емтихан алдындағы күйзелісті жеңуге көмектеседі. Оқушылар емтихан алдындағы уайымды азайту тәсілдерімен және өзін-өзі реттеу әдістерімен танысты.
